Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында алыс жолдарға шығуға тыйым салынды - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Қазақстанның үш аймағында жолаушылар және дизельді автокөліктер үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыстар шектелді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖМ-ның хабарлауынша, ауа райының қолайсыз болуы себепті қаңтардың 19-ы сағат 21.40-тан бастап Қарағанды, 20.00-де Павлодар және 16.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облыстарында барлық бағыттар бойынша тас жолдарға шығуға тыйым салынды.