Оқиға 8 қазанда таңертең Осакаровск ауданы Батпақ ауылының маңында республикалық жолда болған. «Мерседес» жүргізушісі Осакаровкадан Қарағандыға қарай бара жатқан. Ол адамды қағып өлтіріп, сол жерден кетіп қалған.
«Автомобиль адам соққаннан кейін, алдыңғы сол жақ шамы, аолдыңғы терезесі және капоты зақымданған. Автомобиль мен оның иесі туралы ақпарат білетін тұлғалар мына телефондарға хабарласып, ақпарат беруі керек: 102, 8 (7212) 41-55-55 немесе 8 700 745 95 79», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі. Қаза тапқан жүргіншінің де жеке басы анықталмады.