«22 наурыз күні 22 сағатта Қарағандыдағы Мұқанов көшесінде көлігімен адамды қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Көлік маркасы әлі анықталған жоқ, жүргізушінің де кім екені белгісіз», - деп хабарлайды жергілікті полиция қызметі департаментінен.
Жапа шегуші ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты ҚК 345-бабы (Көлік құралын басқарған адамның жол ережесін бұзуы) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаға куә болған адамдардан көмек сұрап отыр.
«Көлік жүргізушісін және оның қайда екенін білетін адамдардан жедел 102 немесе 8 701 5500191 нөміріне хабарласуын сұраймыз», - деп хабарлайды жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімі.