Қарағанды темір жол бекетінде тексеру жүргізіп жүрген патрульдік полиция қызметкеріне мас әйел пышақ салды

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағандыдағы темір жол вокзалында тексеру жүргізіп жүрген патрульдік полиция қызметкеріне ішімдік ішіп алған мас әйел пышақ салды.

 Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуаныш Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның  сөзіне қарағанда, оқиға желтоқсанның 3-і күні «Қарағанды-жолаушылар» стансысында орын алған. Мас әйел патрульдік полиция қызметкеріне құжат тексеру кезінде пышақ салған. Тәртіп сақшысына медициналық қызмет көрсетілді, ал әлгі әйелдің  үстінен қылмыстық іс қозғалды.