Қарағанды тұрғындарын жарықтың жиі сөнуі алаңдатып отыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Қарағанды Жарық» басшылығын электр қуатын таратудағы кездесетін ақауларды жоюға шақырды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

 Ол кәсіпорын әкімшілігімен бірлескен жиналыс өткізіп, «Жаңа Жарық» қосалқы станциясында болып қайтты. 

Монополист қарағандылықтардың үйлерінде жиі тоқ өшіп қалуын үшінші тұлғалардың қосарлануымен түсіндіріп, сонымен қатар қосалқы станциялардың орналасуы мен қосылу схемалары тозғанына сілтеп отыр. 

- Соңғы ірі апаттың бірінен Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдық шағын аудандары жарықсыз қалған. Оның себебі Қарағандыны айналып өтетін жолдарды салып жатқан мердігерлердің алдын ала келіспестен әрекет етуі болды. Ол кезде біздің мамандар олқылықты 10 сағаттан соң жоя алды. Мердігерлерге біз, әрине, наразылығымызды білдірдік, олар жазасын өтейді. Дүйсенбі, 23-ші шілдеде жарық қала орталығы мен Михайлов шағын ауданында болмады. Ол кезде «Ботаникалық бақ» қосалқы станциясында ұяшық жанып кетіп, одан шыққан түтін мен күйе басқа құрылғыларды істен шығарды. Оны жөндеу үшін алты сағат қажет болды, - дейді

«Қарағанды Жарық» техникалық директоры Константин Конради. 
Ол сонымен қатар негізгі проблемалардың бірі - қала айналасында былайша айтқанда, энергетикалық сақинанын жоқтығымен байланысты дейді. Ол дегеніміз, Қарағандыдағы қосалқы станциялар бір бірлеріне жолақты түре қосылған, жәнеде анағұрлым ірі станцияда апат болған жағдайда шағын станциялар да істен шығып қалады екен. Бұл мәселені қаланың айналасында қуатты қосалқы станциялар салу арқылы шешуге болады. 

Компанияның жоспарында - осындай сақина құру. Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдық арасында тағы екі қосалқы станция салу жоспарланып отыр. Олар келешекте электр қуатымен Қарағандының жаңа орталығын қамтамасыз етеді. 

Облыс әкіміне электр қуатын таратуға тарифтердің өсу схемасы ұсынылды. Компания басшылығы ұсынған плакатта 2011-ші жылы тариф бір кВт/сағ 4,51 теңге болса, бүгінгі таңда 5,35 теңге болғаны көрсетілген. 

- Мен басқа сандарды көрдім, 2011-ші жылы тарифтер төменірек болған. Жалған сандарды салудың қажеті жоқ, несіне өтірік айтасыздар? - деп наразылығын білдірді аймақ басшысы. 



Соңыра, жиналыс барысында 2011-ші жылы тарифтер шынымен де төм ен болғаны анықталды, ал электр қуатының бағасы көтерілуі плакатта көрсетілгеннен анағұрлым жоғары болғаны айтылды. Компания басшылығы оны қате жазылып кеткен деп түсіндірді. Ерлан Қошанов монополистерге алдағы уақытта мұқият болып, есеп беру үшін сандарды төмендетпеуге кеңес берді. 

- Жалпы, сіздер тұрақты жұмыс істейсіздер. Алайда сапа жөніне келер болсақ, кемшіліктер бар, тұрғындар шағым айтуда. Ол проблемаларды шешу керек, - деді облыс әкімі. 

Кездесу соңында компания басшылығы желілерді қысқы маусымға дайындау туралы есеп берді. Жалпы, ЖЭО-1 және ЖЭО-3 жұмыстарында кестеден қалу байқалмайды. Барлық жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталады деп жоспарланып отыр.