Қарағанды тұрғыны 775 мың теңгесі бар сөмкесін тауып берген полицейлерге алғыс айтты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қарағанды тұрғыны 775 мың теңгесі бар сөмкесін тауып берген полицейге алғыс айтты. Оқиға Павлодар облысының Екібастұз қаласына жақын маңда болған. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды қаласының тұрғыны БаймырзаҚадырбеков, өзінің жеке және жүргізуші куәлігі және 775 000 теңге ақшасы бар жоғалтқан сөмкесін тауып және оны сақтап қалғандары үшін Екібастұз қаласыПолиция басқармасы патрульдік қызмет ротасының инспекторлары полиция ағалейтенанты Манарбек Мақсұтовқа, полиция сержанты Дархан Бүкетовке және автовокзалдың қызметкерлері алғысын білдірді.

Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде сағат 23.00–де Семей-Қарағанды рейстікавтобусының жүргізушісі Б.С.Қадырбеков Екібастұз қаласы арқылы жүріп өтукезінде автовокзал платформасында өзінің сөмкесін кездейсоқ түсіріп алған.

«Бағыт бойынша Екібастұздан 20 шақырым жерде орналасқан Бәйет ауылынан кележатып, менің әріптесім сөмкем жоқ екендігіне назар аударды, олөйткені менің иығымда ілініп тұратын. Содан кейін мен бірден автовокзалдыңдиспетчерлігіне және кезекші бөлімге102-ге қоңырау шалдым. Енді қайтемін, аз ақша емес, менің асырауымда 6 адамбар. Жалғыз асыраушы өзім ғана депуайымдай бастадым. Кері қайту мүмкін емес, өйткені салонда Қарағандыға дейінжол жүріп бара жатқан адамдар бар. Бақытыма қарай телефоныма қоңырау шалынып,тұтқаның арғы жағындағысы сөмкенің табылғанын хабарлады, қуанышымда шек болғанжоқ. Өйткені бұл ақшаны тапсырысбойынша беру керек еді» - дейді БаймырзаСерікбайұлы.