Бұл туралы «Супер Лото» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Елдегі кезекті миллионер 30 желтоқсан күні өткен ойынның 518-ші тиражында анықталды. Онда барынша көп сан сәйкес келген. Яғни ойында қарастырылған 10 санның барлығы да түскен.
Компанияның хабарлағанындай, ойыншы ең минималды 100 теңгелік ставкамен ойнаған. Егер ол сол кезде максималды 1 000 теңге ставка қойғанда 100 млн. теңге қалтаға басар еді.