Жәбірленушінің айтуынша. Ерубаев және Бейбітшілік көшесі қиылысында 25-30 жас шамасындағы сыған ұлтты екі белгісіз әйел алдап-арбау арқылы (тіл-көзден сақтаймыз деп) 1 000 000 теңге сомасында ақшасын ұрлап кеткен.
Сондай-ақ «балгерлер» жас қыздың гауһартасты сағаты мен алтын сырғасын, алқасын және 2 сақинасын шешіп алған. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция 26 жасар күдіктінің кім екендігін анықтады, оны ұстау және сыбайласының жеке тұлғасын анықтау бойынша шара жүргізілуде.