Қарағандылық талап еткен өтемақы көлемі 100 мың теңге. «Арызданушы Toyota Land Cruiser Prado көлігін сатып алуға жұмсалған 4 млн 762 мың теңгемен қоса 100 мың теңге көлемінде моральдық шығынды өндіруді талап еткен», - деп хабарлайды Қарағандының №2 Қазыбек би аудандық соты.
Ақтөбеден ұрланған көлік Астана қалалық әділет департаментінің иелігінде болған. Машина шығысқа шығарылып, сауда-саттыққа қойылған. Электрондық сауда-саттықты ұйымдастырушы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.
Сот ең алдымен көліктің әкімшілік полиция басқармасының тіркеу бөлімінде қалайша тіркеуге алынғанын нақтылауы керек. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Астананың құқық қорғау органдары кіріскен.