Мәжілісмен аймаққа жұмыс сапары аясында осы университетке барып, Қарағанды қаласы әкіміне, «Теплотранзит Қарағанды» компаниясының басшысына және басқа да құзырлы мекемелерге бұл мәселені шешу бойынша талаптарын жеткізген.
«Дәл жанындағы тұрғын үйлерді жылуға қосады да, университеттің жылуға қосылу мерзімдерін ауыстыра беретіні – студенттер мен оқытушылардың наразылығын туғызуда. Бұл әділетті наразылық деп санаймын.
Университетті қосу үшін мүмкіндік жоқ екен, ал жанында салынып жатқан жекеменшік көпқабатты үйлерді қосу мүмкін екен. Парадокс қой», - деп жазды депутат.
Кездесу барысында проблемаларды жою бойынша бірқатар шешімдер айтылды. Бірінші кезекте – биыл бірнеше жатақхана жылуға қосылса, ал келесі жылы үшінші жылу шығарғыш біткеннен кейін қалғандарын қосу туралы айтылды.
«Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады. Үшінші жылу шығарғышты тезірек салып бітіру үшін де біз атсалысамыз», - дейді Асхат Аймағамбетов.