Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысында дала өрті сөндірілді

АСТАНА.  Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат -   Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Бадам ауылында     дүйсенбі күні    275  гектар    ауданның  құрғақ  шөбі   өртеніп,     жалын   жақын маңдағы     105 гектар аудандағы     бидай алқабын да   шарпыды.


Өрт   облыстық төтенше жағдайлар департаменті  өрт сөндіру  қызметінің күшімен - 60 адам  мен  7 көліктің күшімен  сөндірілді,  деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз  қызметінен.

Сондай-ақ,  сейсенбі күні      Қарағанды  облыстық   төтенше жағдайлар департаментінің  өрт сөндіру қызметі  (6 адам мен  2 техника)   Ұлытау ауданында  160 гектарға  жайылған   дала өртін  ауыздықтады.