Қарағанды жол бөлімшесінің Ақадыр-Мойынты учаскесінде пойыз қозғалысы қайта жанданды - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды жол бөлімшесінің Ақадыр-Мойынты бөліміндегі жүк пойызы құрамындағы вагонның жолдан шығу жағдайы орын алып, аталған учаскедегі пойыздардың қозғалысы тоқтатылған болатын.

2011 жылғы 28 желтоқсан күнгі сағат 12.50-де оқиға орын алған жерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу арқасында тақ жол бойынша пойыздар қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Қалпына келтіру жұмыстары одан әрі жалғасуда (қалпына келтіру жұмыстары Қарағанды, Балқаш және Сары Шаған станцияларының қалпына келтіруші пойыздарымен жүзеге асырылуда).