Өткен жылы қалазда 800 жаңа жол белгісі пайда болды. Бұл шаралар облыс орталығындағы жол-көлік оқиғаларын азайтуға септігін тигізген.
«Биылғы жылы біз тағы 1 000 жаңа жол белгісін, үш бағдаршам және бес белсенді жаяу жүргіншілер жолын орнатуды жоспарлап отырмыз», - деді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Ол сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының артуы, көлік санының ұлғаюына байланысты екенін атап өтті. Бүгінгі таңда қалада 179 мың автомобиль мен мотоцикл тіркелген.
Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жаңа жүйесі инновациялық сандық технологияларды пайдалануды қарастырады, оның ішінде әАқылды бағдаршам» секілді құрылғылар бар. Бұл технология қозғалыс ағынын бақылауға және анағұрлым көбірек көлікті өткізіп жіберу үшін бағдаршамның жасыл жарығын ұзағырақ жанып тұруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар жағдайдың әрі қарайғы дамуын болжап, осы мәліметтерді негізге ала отырып, бағдаршамдардың жұмысын реттей алады. Сонымен қатар қала жолдарында бейнені сараптайтын және жылу сезгіш бақылау камералары пайда болады.