Қарағандыда 15 000 литр жанармайды заңсыз сатқан үш станция анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында заңды тіркеусіз бизнес жүргізген 3 жанармай құю станциясы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Балқаш қаласының аумағында және Қарағанды-Екатеринбург тас жолының бойында мемлекеттік кірістер органдарында тиісті тіркеусіз жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы 3 жанар-жағармай құю станциялары желісін анықтады. Заңсыз айналымдағы өндірілген жері белгісіз мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 15 000 литрді құрайды. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралатын болады», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деп, елден заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталған еді.