Қарағандыда 15 жастағы қыз үшінші қабаттағы балконнан секірді

ҚАРАҒАНДЫ. 12 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында 15 жастағы жасөспірім үшінші қабаттағы балконнан секірді, ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Тәртіп сақшыларының ақпары бойынша, оқиға Орбита-1 ықшам ауданында таңғы сағат 4-те болды.

«12 маусым күні жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын 9 сыныптың оқушысы, 15 жастағы қыз үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконынан секірді. Жасөспірім «мұрын сүйектерінің сынуы, құйымшақтың сынуы, мидың шайқалуы, бас сүйек-миының жабық жарақаты» диагнозымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді», - деп көрсетілген хабарламада.

Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары қолға алынды.