Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров баян еткендей, облыс орталығында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп отыр. 2011 жылы түрлі қаржыландыру көздері бойынша облыс орталығында 140,7 мың шаршы метр баспана немесе 1758 пәтер пайдалануға берілмек.
«2011 жылға сондай-ақ, Қарағанды ықшамдаудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамытуға 1,7 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр», деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімі кеңес қорытындысы бойынша Қарағанды басшылығына бірқатар тапсырмалар, атап айтқанда жаңа баспаналарды салуда энергия үнемдеуші технологияларды енгізу және несиелік баспаналардың мерзімінде салынуын қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берді.