29 қараша күні Қарағанды қаласының барлық білім беру ұйымдарында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қоры ұсынған «Өзгерістер қуаты», «Қазақстан патриоты» деректі фильмдері көрсетілді.
Аталмыш шараларға қаладағы мектептердің 21162 оқушысы, 781 педагогы мен қонақтар қатысты.