Бұл жайында Қарағанды әкімдігіндегі аппараттық жиналыста Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Айгүл Бағжанова айтқан болатын.
«Атаулы әлеуметтік көмек - бұл тек ақшалай төлемдер ғана емес, бұл ең алдымен шаралар жиынтығы, олардың ішінде ең бастысы еңбекке жарамды отбасы мүшелерін жұмыспен қамту және мұқтаж азаматтарды әлеуметтік бейімдеу болып табылатынын», - айтып кетті.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қарағанды қаласында әлеуметтік төлемдерді алушылардың арасында 333 адам - жұмыссыздар немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Жыл басынан олардың ішінде 38 тұрақты жұмыс таба алды. Қысқа мерзімді оқыту курстарын 81 адам оқып жатыр.
Тағы 29 адам қала әкімдігінің қолдауымен үш оқу орталығының базасында ашылған фрилансер мектебінде оқып жатыр. Тілек білдіргендер тігінші, аспазшы-кондитер мамандығын ала алады және компьютерлік сауаттылық курсынан өте алады.
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Аубакиров халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындар үшін кәсіби бейімдеу оқыту курстарының маңыздылығын айтты.
- Бүгінгі күні адамдарды оқыта бастамас бұрын қаладағы бос жұмыс орындарына көңіл аударуымыз керек екенін айтты. Ертеңгі күні жұмыс істей алатындай және мамандығы талап етілетіндей оқытуымыз керек. Мысалы, салынып жатқан зауыт бар, онда нақты мамандықтарға мамандар қажет болады. Сондықтан зауыт ашылғанға дейін қажетті адамдар санын оқытуымыз керек. Адамдардың өзі де, олардың қайда жұмыс істейтіндері жайында, ондағы әлеуметтік пакет, еңбек ақы жайлы білетін болады. Бұл өзара байланыс деп аталады. Кәсіпорындармен меморандумдар, шарттар жасау қажет және осы үлгі бойынша жұмыс істеу қажеттігі жайында, - деді Нұрлан Аубакиров.
Қала әкімі тек мемлекеттік кәсіпорындарымен ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпкерліктермен де өзара байланыс үлгісі бойынша жұмыс жасау қажет екенін баса айтты. Оның ішінде, кафе, мейрамхана, ойын-сауық орталықтарының иелерімен және қызмет көрсету орталықтарының өкілдерімен.
Сондай-ақ, ол АӘК алушыларға қайта оқыту механизмдарын түсіндіру керек және жұмыс іздеумен көмек беруіміз керек екенін айтты.