Сәби 31 желтоқсанда қайтыс болған. Ол ауруханаға екі рет жатқызылған. Сәби бірінші жолы анасының талап етуімен емдеу орнынан үйіне шығарылған. Өйткені сәбидің анасы сапасыз медициналық қызметке шағымданған. Кейін ауыр жағдайда екінші рет әкелінген бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған. Алайда оны құтқару мүмкін болмаған.
«Мәйітті тексеру 3 қаңтарға белгіленді, сол кезде ғана оның нақты неден көз жұмғандығы белгілі болады», - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.