«Лексус 570» автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 20 қазан «Лексус 570» автокөлігінің жүргізушісі Степной-4 шағын ауданындағы үйдің ауласында тұрған 5 автокөлікті соққаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Оқиға салдарынан 25 және 29 жастағы ер адам мен әйел ауыруханаға жатқызылды.