«Аталған мемлекеттік қызметшіге қатысты арнайы тексеру тағайындалады, карантин шектеуі сақтамау фактісі расталған жағдайда, атқаратын лауазымынан босатуға дейінгі ең қатаң шара қабылданады. Сондай-ақ, санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты іс-шара тоқтатылғанын, ұйымдастырушыларға әкімшілік айыппұл салынатынын хабарлаймын»,- деді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Еске сала кетейік, кеше 7 тамызда Қарағандыдағы мейрамхананың бірінде жоғары лауазымды шенеунік 500 адам шақырып, қыз ұзату рәсімін ұйымдастырған. Мобильді топ тойды тоқтатты .
«Барлық азаматтарға аурушаңдықтың өсу кезеңінде барлық санитарлық шараларды сақтау қажеттігін ескертеміз. Кемшіліктің алды.н алу үшін жауапты мемлекеттік органдар жұмыс орны мен лауазымына қарамастан оларға қатаң шара қолданады», - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.