Қарағандыда 79 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйден пәтер алды
«Өтіп бара жатқан жыл сіздердің өмірлеріңіздегі айтарлықтай ауқымды әрі қуанышты оқиғамен аяқталып келеді. Сіздер пәтер кілттеріне ие болдыңыздар. Бұл Жаңа жылға деген жақсы сыйлық. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен біздің елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында біздің осындай үйлер салуға мүмкіндігіміз бар. Бұл біздің республикамыздағы жаңа технологиялар қолданылған бірінші энергия тиімді үй. Ол «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша салынған», - деді Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев.
Енгізілген технологиялардың арқасында, жылуға деген энергия ресурсының үнемділігі шамамен 30 пайызды құрайды. Ол эксплуатациялық шығындардың азаюына әкеледі, деп атап өтті ол.
Қарағанды облысында биылғы жылы «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 2400 пәтер салынды, деді өңір басшысы.
Энерготиімді үйден 79 отбасы пәтер иеленді. Жаңа қонысқа ие болғандардың қатарында оралмандар, көпбалалы және толық емес отбасылар, балалар үйінің түлектері, мүгедектер бар. Олардың бәрі мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушылары болып табылады.
10 қабатты үйдің құрылысы 2 млрд теңгеге жүргізілді. Онда барлығы 170 пәтер бар. Оның 153-і «Жұмыспен қамту» бағдарламасының қатысушылары. Үй құрылысы жүргізілген кезде шатырды жылыту жұмыстары жүргізіліп, үш қабатты әйнектер орнатылды. Әр пәтерде жылуды реттеу мен ауа тазарту желісі бар.