Қарағандыда 8 жасар қызды телефон арқылы азғындық жолға түсірген күдікті ұсталды
«Қарағандының кәмелет жасқа толмаған тұрғынын телефон арқылы азғындауға әрекеттенген күдікті ұсталды. Әзірге оны тұтқындау туралы мәселе талқыланып жатыр. Күдіктіні анықтап, ұстау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері бірқатар кешенді шараларды жүзеге асырды, күдіктінің айыбын айғақтайтын сараптамалар жүргізді», - делінген хабарламада.
55 жастағы күдікті ұсталды және уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК 124-бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, полицияға Қарағанды тұрғыны хабарласып, 8 жасар қызына белгісіз ер адамның қоңырау шалатынын айтқан.
Оның сөзінше, өзін «дядя Тимур» деп таныстырған ер адам ұзақ уақыт бойы қызына бейәдеп сөздермен қоңырау алған. Ол екінші сынып оқушысын кездесуге шақырып, интимдік ермек жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеген. Кәмелетке толмаған қызына көзі түскен адам жайлы әйелдің өз болжамы бар. Ол полицияға телефон әңгімелерінің аудиожазбасын әкелді.