Ойнап отырған бала ойыншықты бұзған да сақинасын аузына салған. Темір затты жұтып қойғанын ол бірден ата-анасына айтады. Олар баланы дереу ауруханаға жеткізген. «Сақина бүлдіршіннің асқазанында болған. Ата-аналарының келісімімен балаға отаны наркоздың көмегімен жасады.
Хирург ішін екі саниметрге, ал асқазанын бір сантиметр кесті», - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Бала отаны жақсы көтерді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.