«Байқауға 14–29 жас аралығындағы 30 адам қатысты. Қатысушылар ұлы ақынның бір шығармасын мәнерлеп оқып, қойылымды бейнеге жазып, Instagram-дағы парақшасында 9 тамызға дейін @qaragandy_jastary хештегімен жариялауға тиіс
болды. Бүгін біз байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттадық», – деді Қарағанды Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сымбат Әубакірова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби байқау жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін қалыптастыруға, ұлттық әдебиетті насихаттауға бағытталған.
«Байқауға қатысушылар келесі өлшемшарттар бойынша бағаланды: мәнерлеп оқу, дикция, мимика. Олардың орындалуы бес балдық шек бойынша сараланды.
Сайыста бірінші орынды Аяулым Назымхихмат иеленді. Екінші орын Айкен Сәрсенбаеваға бұйырды. Үздік үштікті Аяна Кенжехан тұйықтады. Олар дипломдар және естелік сыйлықтар алды», – деп қосты Сымбат Әубәкірова.