Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық тілдер басқармасы ұйымдастырды. Барлық ЖОО-нан студенттер-дебатерлер жарысты.
Турнир онлайн-форматта өтті. Ғалымдар мен сарапшылар төрелік етті. Олар қатысушылардың шешендік шеберлігін, білім деңгейін және логикасын бағалады.
Бірінші орын мен Үздік команда атағына Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің спикерлері ие болды. Екінші орынды Қарағанды индустриалды университеті еншілесе, үшінші орын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасына бұйырды.
Қарағанды техникалық университетінің «Самұрық» клубынан Амантай Ернияз пікірталастың үздік спикері болып танылды.
Жеңімпаздар дипломдармен, атаулы кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.