Қарағанды облысының полиция департаментінің хабарлауынша, адам өліміне кінәлі жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Автобус жүргізушісіне қатысты ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қаңтарда қалалық автобус жүргізушісі 62 жастағы әйелді жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды.