Қарағандыда ағаш монша отқа оранды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыдағы 2 қабатты монша кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5 қаңтар күні өртке қарсы қызметіне Қарағанды қаласы Ермеков көшесіндегі ағаштан қиып салынған 2 қабатты «Riviera» монша кешенінің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Жалын шамамен 130 шаршы метр аумақты, атап айтқанда шатыр мен сыртқы қабырғаны шарпыған. Өрт сөндірушілердің күшімен 2 адам эвакуацияланды. Өрт 16:55-те ауыздықталып, 17:10-да толық сөндірілді» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта төтенше оқиғаның себебі анықталып жатыр. Тілсіз жаумен күресуге жеке құрамнан 45 қызметкер мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.