Қарағандыда әкесін құтқармақ болған жігіт құдыққа батып кетті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда құдыққа түсіп кеткен әкесін құтқармақ болған жігіт өзі кәріз суына батып кеткен. Қайғылы оқиға түнде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 шілде түнде сағат 03:58-де Қарағанды қаласының ТЖ қызметіне Бурабай көшесі бойында№92 тұрғын үйдің жанындағы кәріз суын жинауға және соруға арналған қосалқы станцияда ер адам құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.Белгілі болғандай, 59 жастағы қарағандылық кәріз құдығын тазалағысы келген. Алайда, абайсызда тереңдігі 6 метрлік құдыққа құлап кеткен.

Үй иесінқұтқару үшін оның ұлы мен көршісі құдыққа түскен. Дегенмен, олар ер адамды өз күшімен шығара алмаған. Құтқару үшін ТЖ қызметкерлері шақырылды.

Сағат 04:53 және05:02-де ТЖД күшімен үй иесі мен оның көршісі құтқарылып, медициналықмекемеге жатқызылды.

«Екі ер адам(1960 және 1989 жылдары туған) Х. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедияорталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайыауыр деп бағалануда», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтаубасқармасының баспасөз қызметі.

Өкінішке қарай, үйиесінің ұлын аман алып қалу мүмкін болмады. Сағат 06:30-да ТЖД және «ҚарағандыСу» ЖШС күшімен 29 жастағы ер адамның денесі табылып, сыртқа шығарылды.