Қарағандыда әлеуметтік дәріханалар желісі кеңейтілмек
Ол тураллы жиналыста Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев айтып берді.
Оның айтуынша 2018 жылға дәрі-дәрмектерді сатып алуды қаржыландыру мәселесі шешілген. Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрлігі рекордтық сома 9 млрд теңге бөлетін болды. Айта кетейік, 2017 жылы дәрмектерді алуға 3,5 млрд теңге бөлінген болатын.
Тегін дәрі-дәрмектер қант диабеті, Крон дерті, АИТВ, туберкулез және т.б. ауруларға шалдыққан адамдарға тиесілі.
«Дәрілерді сатып алуда шартты экономияның арқасында біз 383 миллион теңге үнемдедік. Біз ол ақша қосымша сатып алуға облысқа қайтарылуы үшін қосымша келісімге қол қойдық. Ол медикаменттердің алғашқы партиясы қазанның бірінші онкүндігінде түсуі тиіс. Сонымен қатар медициналық немесе әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты төстен шығарылған нәрестелерге арналған балалар тағамының қажетті көлемі де сатып алынған. Халықты дәрі-дәрмекермен тұрақты қамту үшін қаржыландыру осы жылдың қараша айында басталады, - деді Ержан Нұрлыбаев.
Облыста әлеуметтік дәріханалардың желісін кеңейту көзделуде. Қазіргі таңда аймағымызда олардың саны 35-ке жеткен, жыл соңына дейін Қарағанды, Жезқазғанда және ауылдық жерлерде 7 осындай дәріхана ашылады деп уәде берілді. Ал әлеуметтік дәріханалар болса өз кезегінде дәрмектердің ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол жерде коммерциялық нүктелерге қарағанда дәрілерді арзанырақ сатып алуға болады. Себебі қосымша құн 5%-дан аспайды.