Электробустарды Қазақстан-Қытай кәсіпорны шығарып жатыр. Олар елімізде құрастырылуда. Көліктің бұл түрі Қазақстан климатының ерекшеліктеріне бейімделген. Электробустарға 20 мың жұмыс айналымына жететін инновациялық батареялар орнатылған. Алдын ала есеп бойынша, бір батарея 1 млн шақырымнан астам қашықтыққа жетеді, яғни 10 жылға дейін жарамды. Электробустардың құны қарапайым автобустардан 15-20% қымбат, яғни 280 мың долларды құрайды.
Қала әкімдігінен хабарлағандай, жүргізілген сынақ бойынша электробус өзінде көрсетілген техникалық сипаттамаларды толығымен дәлелдеді және өңірдегі қалалық маршруттарда қолдану үшін жарамды болып танылды.
«Электробусты жүргізген №2 автопарк тарапынан және тұрғындардан сын-ескертулер түскен жоқ», - деп жауап берді әкімдікте.