Қарағандыда алимент төлеуден жалтарғандар жұмысқа орналастырылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі аясында алимент берешегі бар 5 азаматқа қызметке орналасу үшін жолдама берілді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Шара шаһардағы «Таир» ойын-сауық кешенінде өтті. Онда келушілерге 50-ден астам кәсіпорын мен ұйым 2000 мыңнан аса бос жұмыс орындарын ұсыныды. Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар, жоғары оқу орындарының түлектері, NEET санатындағы жастар мен зейнеткерлік жасқа жетпеген тұрғындар қатысты.

«Өткізілген іс-шарада 450 азаматқа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында кеңес берілді. Тағы 93 азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді. Оның ішінде, пробация қызметінің есебінде тұрған 12 тұрғынға және алимент берешегі бар 5 азаматқа жолдама берілді», - делінген Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы тартқан хабарламада.

Жәрмеңкеге келушілерге «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар», «Кәсіптік оқыту» бағдарламары бойынша кеңес берілді.







Фото: www.instagram.com/czn_karaganda