Қарағандыда «Алтын арба» базары өртенді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда түнде қаланың ең үлкен базарында өрт шықты. Жалын үш фастфуд кафесін шарпыды. Өрт аумағы 500 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 ақпан күні сағат 01:03-те Қарағанды қаласы Затаевич көшесіндегі ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Алтын Арба» базарының аумағында тез тамақтануға арналған үш дәмхананың ағаш қаптамалары, жылытқыш материалдары, жиһаздар, жабдықтар және асханалық керек-жарақтары жанды. Өрттің жалпы ауданы - 500 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 01:52-де сөндірілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің 52 қызметкері мен 15 техникасы жұмыс істеді.

Өрттің шығу себебі әзірге анықталып жатыр.