Қарағандыда «Аманат» қоғамдық таңдау сыйлығына ие болған жеңімпаздар марапатталды
Аймақтық байқауға барлығы 100 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты .
«Аманат» сыйлығы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық өміріне өлшеусіз үлес қосқан, адами құндылықтардың нығаюына септігін тигізіп жүрген, еңбегімен, адамгершілігімен көзге түскен адамдар марапатталады. Бұл жоба туралы көктемде «G-Global. ӘлемХХІ ғасыр» форумында жарияланған болатын.
Аймақтың іріктеу кезеңі Қазақстанның барлық облыстарында өтеді. Алғаш рет сыйлық Қарағандыда табысталды. Үміткерлерді қоғам өкілдері ұсынды. Әділқазылар құрамына белгілі қарағандылықтар, қоғам қайраткерлері, саяси партия өкілдері, кәсіпкерлер мен кәсіподақ ұйым өкілдері енді.
Теміртау қаласының Құрметті азаматы, металлургия саласының ардагері Қуаныш Омашев; Суретші, Атом» жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков; Қарағанды және Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Рымбала Омарбекова; Облыстық мәслихат хатшысы, Ақтоғай ауданының Шашубай кентіндегі Мектеп-балабақша кешені базасындағы «Тірек мектебі (ресурстық орталық) директоры Айман Түкбаева; «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты, меценат Шамиль Осин; Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Еврей мәдениетінің Қарағанды орталығы" ҚБ жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский; Парламент Мәжілісінің депутаты, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Қайрат Кемалов «Аманат» қоғамдық таңдау сыйлығының лауреттары атанды.
Республика бойынша 112 лауреат марапатталатын болады. Ақтық сында әр аймақтан бір жеңімпаз таңдалады.
Айта кеткен жөн, республикалық «Аманат» сыйлығын табыстау алдағы жылы Астанада өтеді.