Қарағандыда анасының қателігінен 2 жасар бала комаға түсті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда дәрігерлердің нұсқауынсыз екпе алған 2 жасар бала комаға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаға суық тиіп, қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Анасы дәрігерге бармай, баласын өзінің білгенімен емдеген. Ол қызуы түспей жатқан баласына Цеф 3 препаратын сатып алып, көрші келіншекке еккізген. Бірнеше минуттан кейін бала клиникалық өлім жағдайына түсіп қалған», - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Қазір 2 жасар бала жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Оған жасанды өкпе желдеткіші жалғанған.

«Бұл препаратты тек  дәрігер тағайындайды, бірақ рецептісіз беріледі. Өз бетімен ем-дом жасау, әсіресе балаларға дәрігердің нұсқауынсыз екпе жасау қауіпті», - деді Айжан Иса.