«2018 жылдың 6 маусымы күні Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, сондай-ақ, ЖЭО-1 аумағында терроризмнің алдын алу мен салдарын жою бойынша антитеррорлық жаттығулар жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті.
Шараның мақсаты - Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының артылған міндеттерді орындауға дайындығы мен құралдарын тексеру.
Облыстық ІІД қала тұрғындары мен қонақтарын тыныштық сақтап, дүрлікпеуге шақырады.
Фото: crimea9.ru