Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес келесідей шешімдер қабылданды:
- Қарағанды қаласының аумағында орналасқан және «Ashyq» жобасын іске асыруға қатысатын компьютер клубтары мен боулинг орталықтарының жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгіленді. Нысандар толымдығы 75 пайыздан аспауы тиіс;
- мектепалды сыныптарда, орта білім беретін мектептердегі 1-5 сыныптарда, халықаралық мектептердегі 1-7 сыныптарда оқушылар санының лимиті 25 адамға арттырылды;
Бұдан басқа, медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практика басталар алдында міндетті түрде ПТР тестілеуден өтеді.
Сондай-ақ, қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 05.03.2021 жылғы №10 қаулысына 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттары негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «қызыл» аймақтан «сарыға» көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызыл» аймақтан немесе «жасыл» аймаққа «сары аймақтан» көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.