Қарағандыда әскери бөлімнің спорт залы отқа оранды

None
АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Октябрьск ауданында бір қабатты жеке тұрған ғимараттағы 31775 әскери бөлімінің спорт залында 20 наурыз күні 22 сағ. 43 минутта өрт болды.

ҚР ТЖМ хабарлағандай, өрт 23 сағ. 24 минутта сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға Қарағанды облысы ТЖД-нің жеке құрамының 30 қызметкері және өрт сөндіру қызметінің 8 бірлік техникасы, ҚР ҚМ 31775 ә/б 8 қызметкері мен 1 бірлік техникасы тартылды. Қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ.