Ведомствоның берген ақпаратына қарағанда, өрт сөндіру қызметіне шақыру белгісі сағат 13.24 минут кеткенде келіп түскен.
«Свободная 25 көшесінде орналасқан Киров полиция бөлімшесінде бірінші қабаттағы кабинеттің терезесі мен есігі, жиһаздар мен кеңсе техникасы және 20 шаршыметрлік дәліздің қаптамасы өртке оранды. Өрт сағат 14. 14-те сөндірілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың берген ақпаратына қарғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «Өртті сөндіру барысында 9 адам құтқарылды», - делінген хабарламада. Өрттің салдары мен келген шығын анықталып жатыр.