Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Сот судьясы Д.Нығметов 8 тамыз күні облыстық қорғаушылар алқасының қорғаушысы Ольга Клейман арқылы 100 мың теңге көлемінде параны алу кезінде ұсталды. Сол күні қорғаушыға қатысты парақорлықта делдалдығы фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Д.Нығметжановқа қатысты материалдар Бас прокуратураға жіберілді, өйткені заңнамаға сәйкес сот судьясына қатысты қылмыстық істі ҚР Бас прокуроры ғана қозғай алады», - деді облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Сүлейменова бүгін өткен брифингте.
Тергеу нұсқасы бойынша, сот судьясы жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мойындау туралы азаматтық іс бойынша мәселенің оң шешімін шығару үшін ақша талап еткен. «Қаржы полициясына арыз беруші келіп шағымданды. Ол сотта өз пәтерін заңдастырғысы келді, қорғаушы жалдады. Сот судьясы қорғаушы арқылы ақша талап етті», - деп түсіндірді Г.Сүлейменова.
ҚР ҚК-іне сәйкес, сот судьясына мүлкін тәркілеумен қоса 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеу үшін ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі департаментіне жіберілді. Д.Нығметжановқа қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалған жоқ, өйткені ол Қарағанды қаласының медициналық мекемесінде емдеуде жатыр.