Мұндай бастаманы Samgau академиясы іске асырмақ. Ол Қарағанды облысының білім басқармасымен және «Сарыарқа адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен меморандум жасасты.
«Өткен жылы біздің академия 110 түлекті тегін оқытып үлгерді. Оның 23-і грантқа түсті. Осы жылы біз ауылдық мектеп оқушыларын, әлеуметтік қорғалмаған топтардан шыққан және мүгедектігі бар балаларды тегін оқытуды жалғастыруға ниеттіміз. Арнайы бағдарлама арқылы осындай мыңға жуық баланы онлайн-оқытумен қамту жоспарлануда», – деп атап өтті Samgau жобасының директоры Ардақ Жакин Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте.
Тегін оқуды қажет ететін түлектердің тізімін білім басқармасы жасайды.
Сондай-ақ, аталған санаттарға жататын он бірінші сынып оқушыларының ата-аналары оларды WhatsApp-8-705-234-07-53 нөмірі немесе білім жобасының сайты арқылы өз бетінше жаза алады.