Қарағандыда автокөлік жүргізушінің салғырттығынан жаяу жүргінші мерт болды

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Көкпекті ауылында «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, алған жарақаттардан 33 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы сейсенбі күні Қарағанды-Қарқаралы автожолының 18-ші шақырымында сағат 18.58-де орын алды.