Қарағандыда автомашиналарды тіркеу және жүргізушілер куәлігін беру жөніндегі арнайы ХҚКО ашылады

ТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағандыда автомашиналарды тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады.

Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары жөніндегі комитетке және жол полициясына Қарағандыда автомашиналарды тіркейтін және жүргізушілер куәлігін беретін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығын (ілкі жоба) ашу мүмкіндігін зерделеу тапсырылды», - деп жазды А.Жұмағалиев.

Министр мұндай шешім бүгін ҚР Байланыс министрлігі мен ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен кеңесі барысында қабылданғанын нақтылады.