Қарағандыда автомобиль өртенген кезде 4 жасар бала қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Wolksvagen transporler» көлігі өртенген кезде 4 жасар бала қаза тапты, деп хабарлады облыстық ТЖД.

Апат 2 қыркүйекте Мұқанов көшесінде орын алды. Өрт сөндірушілер хабарлама алысымен  оқиға орнына бірден келді. «Құтқарушылар келген  кезде 10 шаршы метр алаңында көліктің ішкі қаптамасы жанып жатқанын анықтады. Салоннан 4 жасар бала табылды».

Өртті ауыздықталғаннан кейін баланың қайтыс болғаны анықталды. Өрттің шығу себебі тексерілуде.