Қарағандыда аяғы ауыр әйелдің өліміне тұмаудың асқынуы себеп болды - Т. Дүйсенова

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қарағандыда аяғы ауыр әйелдің өліміне тұмаудың асқынуы себеп болды. Бұл туралы бүгін Сенатта Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Бала босану бөліміне түскен әйел негізінен тұмауға қарсы вакцина алмаған. Сондықтан аурудың белгілері басталған сәттен-ақ барлық азаматтар дәрігерге уақытылы көрінулері керек», - деді министр Т. Дүйсенова журналистерге берге сұхбатында.

Айта кетерлігі, бұған дейін Қарағандыда аяғы ауыр келіншек қайтыс болғаны хабарланған болатын. Дәрігерлердің сөзінше, әйел өз бетінше емделіп, тұрғылықты жеріндегі ауруханаға дер кезінде бармаған.

«Тұмаудың өршитін кезеңі - қарашадан басталып ақпанның аяғына дейін барады. Осындай оқиғалар болмас үшін біз егу жұмыстарын жүргізіп келеміз. 1 миллион 700 мың адамға егу жұмыстары жасалды. Кейбір азаматтар бұдан бас тартса, кейбірі үлгермеген. Қазір тұмаудан 165 адам ауруханаға жатқызылып, оларға көмек көрсетілуде», - деді министр.