Қарағандыда Аяз аталар мен Ақшақарлар шеруі өтті
15:59, 01 Желтоқсан 2012
ҚАРАҒАНДЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше кешке Қарағандыда облыстың басты жаңажылдық шыршасының шамдары жанды.
Биіктігі 25 метрлік жасанды жасыл шырша орнатылған Тәуелсіздік сарайында жаңажылдық және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен мереке өтті. Шырша жанғанша Аяз аталар мен Ақшақарлар шеруі өтті. Оған 180 жұп қатысты.
«Басты» Аяз ата шырша шамдарын жандыру құқығын Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайыновқа берді. «Бұл оқиғаның үлкен мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында өтіп жатқанының терең мәні бар. Бүгін біз бұл мерекені біздің еліміздің Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктері үшін мақтанышпен атап өтудеміз», - деді аймақ басшысы.