Жиын aibynonline.kz сайтында онлайн форматта өтеді. Ол 30 қарашаға дейін жалғасады. Биыл «Айбын» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Қатысушылар саны екі есеге артып, 1110 адам жиналды, еліміздің түкпір-түкпірінен 74 команда қатысып жатыр.
Қарағанды облысынан үш команда қатысады: «Бүркіт» (Қарағанды жоғары политехникалық колледжі), «Qaisar» (Қарағанды машина жасау колледжі), «Жас Сарбаз» (Балқаш қ. №8 ЖББМ).
Командалардан басқа, кез-келген жасөспірім жеке жиынға қатыса алады.
Жиын бағдарламасында «Айбын дарыны», «Айбын жұлдызы», «Мейірімділік біріктіреді», «Smart Sarbaz-2021» зияткерлік және шығармашылық байқаулар, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт түрлері және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жарыстар бар. Биыл жас журналистерге арналған «Жас сарбаз - Жас тілші» атты жаңа байқау қосылды. Сонымен қатар, командалар тоғызқұмалақ ұлттық ойынында бақ сынайтын болады.
Барлық байқаулардың қорытындысы бойынша көшбасшылар анықталады. Олар «Білім. Абырой. Жеңіс» ақтық ойнында бақ сынасады.