Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні сағат сегіздер шамасында болған.
«Спорт кешенінен қоңырау шалынды. «Жедел жәрдем» тобы бес-жеті минут аралығында оқиға орнына дереу жетті. Алайда олар тек 1973 жылы туған еуропалық нәсілді әйелдің өлімін тіркеді», - деді Айжан Иса.
Әйелдің кенеттен қайтыс болу себебін анықтау үшін оның денесі сараптамаға жіберілді.