Ата-аналардың ұжымдық шағымына орай Қарағанды облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары жүргізген тексеріс 20214 жылғы қараша-желтоқсан айларында балалар бақшасында сарымайдың орнына «Еуразиан Фудс» өндірісінің өсімдік майы қоспасы қолданылғанын анықтады. Сондай-ақ «Le Crima» құрғақ сүті, кондитер өнімдерінің орнына - кептірілген нан, жас жемістердің орнына шырын пайдаланылған.
Сонымен қатар, он екі атаудағы азық-түліктер бойынша (ет, балық, сүт, сүзбе, қаймақ, ірімшік, өсімдік майы, көкөніс, қант, кепілген жемістер, какао) балалар тағамының тәуліктік нормалары бұзылған.
Ата-аналардың тағы бір шағымы қуатталмады: өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттар ұсынылды. «Таңшолпан» ясли-бақшасында балалардың болуы мен тамақтануына байланысты тамақтан улану жағдайы тіркелген жоқ.
Қарағанды қаласындағы «Таңшолпан» ясли-балабақшасына баратын балалардың он алты ата-анасынан Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасына 19 қаңтарда ұжымдық шағым түскен болатын. Ата-аналар тамақтану бұзылуына және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі сапасына құжаттар болмауы туралы шағымданған.