Қарағандыда «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аталмыш тұрғын үйбағдарламасына 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар, кәмелеткетолмаған балалары бар толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалардытәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Бағдарламаныңшарттары бойынша өтініш берушілер жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйалуға кезекте тұруы тиіс.

«Бақыттыотбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:

- бастапқы жарнаболуы керек. Яғни тұрғын үй құнының 10%.

- төлемқабілеттілігін растау.

- отбасының бірмүшесіне табыс сомасы 42 500 теңгеден аспауы тиіс.

Несиенің еңжоғары сомасы - 10 миллион теңге, 20 жылға дейін, жылдық мөлшерлеме 2%.

Жолдама беру үшінқұжаттарды қабылдау 22 шілде мен 26 шілде аралығында Қарағанды қаласы,Магнитогорская көшесі, 19 мекенжайы бойынша жаңа Майқұдық МҮ ғимаратында сағат9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар